Қазпошта үйге жеткізіліп берілетін несиені ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ каталог бойынша тұрмыстық техниканы несиеге алуға жол беретін және қаладан ауыл тұрғындарына жеткізетін сервис жайлы хабарлайды. Бұл туралы компанияның баспаcөз қызметі мәлім етті.

«Қазпошта еліміздегі ең ірі филиалды жүйе болғандықтан, біз тауарларды шығаратын және сататын компаниялармен өзара тиімді қарым қатынастарды ұлғайту арқылы, бөлімшелерімізді сервистермен және жаңа қызметтермен толықтырамыз. Біз басқа компаниялармен ортақ жобаларды іске асыруға ашықпыз», - деді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.

Еліміздің ауылды аумақтарыы бөлімшелері де бұл сервиске қолжетімді. Енді ауыл тұрғындары, бастапқы төлемсіз, Қазпоштаның бөлімшелеріндегі HomeCreditBank пункттерінде тұрмыстық техниканы «Белый Ветер» және «Мечт»а дүкендерінің каталогтары бойынша таңдап, несиеге ала алады. Несиенің жалпы құнына тауардың, сақтандыру және жеткізу қызметінің бағасы кіреді. Бүгінгі таңда, EMS KAZPOST жеткізу қызметімен, осы сервис бойынша қаладан 1000 тауар ауыл тұрғындарының үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

«Қазпошта» АҚ - пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.