Қазпоштада қаржылық операциялар уақытша тоқтатылады
19:11, 09 Қаңтар 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазпошта» АҚ 2020 жылдың 10-13 қаңтары аралығында қаржылық операциялар қолжетімді болмайтынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылғы 10 қаңтар күні сағат 22:00-ден бастап 2020 жылғы 13 қаңтар күні сағат 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Аталған кезеңде қаржылық операциялар уақытша қолжетімді болмайды», - делінген «Қазпошта» баспасөз қызметі тартқан хабарламада.
Компания келтірілген қолайсыздықтарға байланысты тұтынушылардан кешірім сұрайды.
ФОТО: inbusiness.kz