Қазпоштаның бұрынғы басшысы Президенттің кеңесшісі болды
13:44, 08 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатқанын жазған едік.
Сондац-ақ Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен кеткенін хабарлаған едік.