Электрондық маркалы пошталық конверт - бұл үстіне баспаханалық тәсілмен бірегей штрих-код салынған конверт. Хатты жөнелтуші соның көмегімен хаттың жүріп өту жолын, тіпті хаттың пошта жәшігіне түскенге дейінгі кезеңін қадағалауға мүмкіндік алады. Жеке тұлғалар үшін осындай конвертпен жөнелту құны - 100 теңге.
Электрондық маркалы пошталық конвертті сату барысында түбіртекте конверттің штрих-кодының нөмірі көрсетіледі, сол арқылы жөнелтуші хаттың трекингін, яғни жүру барысын post.kz. сайтынан қадағалай алады. Хатты кез-келген уақытта - көшедегі пошта жәшігіне немесе бөлімшенің жұмыс істеу тәртібіне қарай, пошталық байланыс бөлімшесінен жөнелтуге болады.
Пошта тасушы хатты оны алушының абоненттік пошталық жәшігіне жеткізеді де, поштаны жеткізу парағына «Абоненттік жәшікке түсірілді» деген белгі қояды, дәл сондай белгі компьютердің бағдарламалық жасақтамасына да қойылады.
Электрондық маркалы конверттерде қарапайым хаттарды жөнелту бойынша қанатқақты жоба жеке тұлғалар үшін 2015 жылдың қазан айында Астана, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшелерінде қолға алынған болатын. Содан бері күні бүгінге дейін барлығы 8 000 электрондық маркалы конверт сатылған және жүйе арқылы жүргізілген.
Енді, жақын уақытта жаңа қызмет барлық филиалдарда қолжетімді болады.