"KazPrime" индикаторы өзгермей, жылдық 2,00 пайыздық көрсеткішті құрады
15:06, 10 Қараша 2011
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы «KazPrime» индикаторы 2011 жылғы 10 қарашада өзгермей, жылдық 2,00 пайыздық көрсеткішті құрады.
Бұл туралы бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі хабарлады.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.