Қазір ауа райына байланысты қай жолдар жабық

Қазавтожол қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық тұрған жолдарды атады, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: БҚО ТЖ

Қазір еліміздің 2 өңірінде 6 күре жол жабық.

Атырау облысында "Атырау-Орал" күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында 5 күре жол жабық.

Олардың қатарында:

1. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы", Чапаево-
Казталовка ауылдарының арасы;

2. "Атырау-Орал", Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін;

3. "Самара-Шымкент", ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП;

4. "Орал-Тасқала-РФ шекарасы", Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін;

5. "Самара-Шымкент", Подстепное-Жымпиты аралығы

"Мамандар 2 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метрқұм-тұз қоспасы жұмсалды", - делінген ведомство жазбасында.