Қазір республикалық маңызы бар қандай жолдар жабық

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн райы нашарлап, жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК жабылған республикалық маңызы бар жолдар туралы жаңартылған ақпаратты таратты.

Атап айтқанда:

Батыс Қазақстан облысы

22 ақпан сағат 16:00–де 

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-273 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы -Барбастау ауылы) жүк көліктерімен қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Сағат 16:30–да 

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысы шекарасы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.

Ақтөбе облысы

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы — Қобда ауылы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Сағат 17:45–те

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы); Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Сағат 18:00-де

Ақмола облысы

— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Жақсы ауылы).

Ақтөбе облысы

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы — Қобда ауылы);

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);

— «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қарауылкелді ауылы);

— «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы — Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

— «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Мақат ауылы);

— «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы — Доссор ауылы);

Батыс Қазақстан облысы

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы). 

— «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы); 

Жетісу облысы

— «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы — Достық стансасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Тахтаброт ауылының бұрылысы). Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 240 арнайы техника мен 615 маман жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы

Сағат 19:10–да

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Осыған дейін ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты тағы да жол жабылғаны белгілі болды.