«Мамандардың болжауынша, жаз ыстық болады, табиғи өрт болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігін министрлік күштері жойды, авиация да тартылды», - деді министр Үкімет отырысында.
Осыған байланысты, Ш.Әрінов барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық жоспардың тиімді іске асырылуы керегін айтты.
«Сондай-ақ әкімдіктерге шығындарды талап етпейтін қарапайым өрт сөндіру құралдарын – аспалы өрт сөндіргіштер, мотопомпалар, өрт сөндіру жеңдері және ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуы қажет деп санаймын», - деді ТЖ министрі.