— Өткен жылдың қараша айында Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапар саяси және практикалық маңызы жағынан тарихи оқиға болды. Астанада біздің серіктестігіміздің жаңа көкжиегін ашатын маңызды құжаттар топтамасына қол қойылды. Ең бастысы санкциялық қысым мен халықаралық шиеленіске қарамастан, екі ел ынтымақтастықтың тұрақтылығын және серпінді дамуын сақтап әрі қорғап қалды, — деді Мемлекет басшысы.
Президент Мәскеуге жасалатын алдағы мемлекеттік сапары қарсаңында Владимир Путинмен өтетін алдағы келіссөздердің айрықша маңыздылығын атап өтеді.
— Соңғы бірнеше айда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар басшыларымен барынша мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Олардың көбісі геосаяси спектрдің қарама-қарсы полюстерінде тұрғанына қарамастан, барлығы да Ресей мен оның көшбасшысының халықаралық қатынастардың өзекті түйіндерін шешудегі айрықша рөлін мойындайды. Басқаша айтқанда, қазіргі әлемдегі қарма-қайшылықтарды Мәскеудің қатысуынсыз еңсеру мүмкін емес, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.