В финалында өнер көрсеткен Кирилл Стадник және Лев Чувашов ақтық сынға жолдама алды.
Лев Чувашов барлық сайыстың нәтижесі бойынша 1520 ұпай жинап, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Ал Кирилл Стадник 1486 ұпай еншілеп, сегізінші сатыға жайғасты.
Бұған дейін А тобында Темірлан Әбдірайымов пен Тихон Варехин ақтық сынға өткен еді. Осылайша Азия ойындарының финалында төрт отандасымыз сынға түседі.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 20 қыркүйекте өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық волейболшылар Азия ойындарының ширек финалына шыққанын хабарлағанбыз.