«Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылатын болады ? Т. Мұсабаев

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Kazsat-1» ғарыш серігі өз бағасына сақтандырылған. Сондықтан оған жұмсалған қаржы толығымен қайтарылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінен кейін журналистерге сұхбат берген осы агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік төрағасының айтуынша, «Kazsat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған. «Сондықтан «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылатын болады», - деді Т.Мұсабаев. «Kazsat-1» ғарыш серігінің істен шығуына жауапты азаматтарға байланысты қойылған сауалға Т. Мұсабаев: «Бұл мәселеге кімнің кінәлі екендігін мен білмеймін», - деп жауап берді.