«Kazsat-1» мәселесіне кінәлі азаматтар жауапқа тартылады ? К.Мәсімов

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісі барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Kazsat-1» ғарышсерігінің істен шығуына кінәлі азаматтардың жауапқа тартылатындығы туралы айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұған дейін біз көп қателік жасадық. Осы олқылықтардың сипатына қарамастан, оған кеткен қаржы - халықтікі. Сондықтан менің шешіміме орай «Kazsat-1» ғарышсерігінің мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Оның жұмысы барысында кінәлі азаматтар анықталып, олар заң алдында жауап беретін болады. Жұмыс тобы атқарған қызметі жайында біз алдағы уақытта халықты хабардар етеміз», - деді Үкімет басшысы. «Kazsat-2» жобасын іске асыру барысында бұған дейінгі қателіктерді ескерудің маңыздылығына тоқталған Премьер-Министр: «Ғарыш саласы ? бұл елдің болашағы. Осы салада біз өз орнымызды тауып, салынған қаржыға барынша көп пайда келтіруге тырысуымыз қажет. Бұл ? алда тұрған басты міндет», - деді.