Оның атап өтуінше, ҚазСат байланыс жүйесінің құрамындағы ҚазСат-2 ғарыш аппараты іске қосылған 2 жыл ішінде тұрақты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда еліміздің 11 операторы аталған ғарыш стансасы арқылы байланыс қызметін көрсетуде. «Дәл қазіргі уақытта ғарыш аппараты мүмкіншілігінің 63 пайызы пайдаланылуда», - деді ол.
М.Молдабековтың сөзіне қарағанда, аталған ғарыш аппаратының іске қосылуы арқасында Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. теңге құйылуда. Яғни, бұған дейін басқа елдің ғарыш аппаратының қызметіне пайдалану үшін берілетін қаржы өз елімізде қалып отыр. «Оның үстіне бұл ғарыш аппараты елімізге ақпараттық тәуелсіздік алуға мүмкіндік береді», - деді төраға орынбасары.