«KazSat-2» спутнигінің ресурсын пайдаланатын жұмыс жасап тұрған спутниктік байланыс және телерадиохабар тарату желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «KazSat-2R» спутнигін құру және пайдалануға енгізу бойынша жоба пысықталуда. Сондай-ақ, «KazSat-2R» жобасының аясында Қазақстанның экономика салаларын цифрландырудың алғышарттарын жасау үшін интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік қызметтерін толықтай қамту бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін техникалық шешімдерді қою мүмкіндігі бар», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.
Осы орайда болашақта спутниктік байланыстың жерүсті технологияларымен қамтамасыз етілмеген ауылдық жерлерде Интернет пен ұялы байланысқа кең жолақты желіге қол жеткізіледі. Мұнымен қоса, жаңа жер серігі ел аумағына телерадиохабар тарату, сонымен бірге «KazSat-2» спутнигінің ресурсын пайдаланатын спутниктік байланыс және телерадиохабар тарату желілерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.
«Қазіргі таңда болашақтағы спутниктің («KazSat-2R») техникалық кескіні мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп пысықталуда және оны құрастыру бойынша жұмыстарын 2020 жылы бастау жоспарланып отыр», - дейді министрлік өкілдері.
Бұдан бұрын хабарланғандай , ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин Қазақстанда «KazSat-2» жер серігі ауыстырылатынын айтты.
«KazSat-2» жер серігінің жұмыс уақыты 2023 жылға дейін негізделген, яғни ол 12,5 жыл қызмет етуі тиіс (2011 жылы ғарышқа шығарылды). Сондықтан біз осы жылдан оның орнына жаңа ғарыш аппаратын дайындау жобасын іске асыруды бастадық. («KazSat-2R»). 2023 жылы жаңа спутникті сол нүктеге орналастырамыз және бұл шаралар байланыс операторларына кедергі келтірмейді»,-деген еді Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.
Оның сөзіне қарағанда, «KazSat-2» салынған ақшаны 2018 жылы, ал «KazSat-3» 2021 жылы ақтап, осыдан кейін таза кіріс әкеледі.