KazSat-2 штаттан тыс жағдайынан кейін телерадиоарналардың аналогтық таралуы қалпына келтірілді
«Қазтелерадио» АҚ тарапынан телерадиобағдарламалар қабылдауды «KazSat-3» жерсерігінен аналогтық тарату желісіне ауыстыру бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарының көбінде телерадиоарналардың аналогтық таралуы толығымен қалпына келтірілді. Қалған аудан орталықтарында хабар таратуды қалпына келтіру жұмыстары бірнеше сағаттың ішінде аяқталады.
«Қазақстанның» облыстық арналарының аудан орталықтары мен ауылдық округ деңгейінде аналогтық эфир желісінде, сонымен қатар "OTAU TV" жерсеріктік телехабар тарату желісі арқылы таралуы «Kazsat-2» жерсерігі жұмысы қалпына келгенінен кейін жүзеге асырылады.
«KazSat-2» жерсерігі жұмысын қалпына келтіру шараларын «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» атқаруда.