«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зымыран тасымалдағыштың ұшыруға дайындығы туралы шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Бүгін ұшу алаңына орнатылғаннан кейін, зымыран тасымалдағышқа қызмет көрсету жүйелері тартылып, бірінші ұшыру күнінің кестесі бойынша жұмыстар басталды.
Зымыран тасымалдағыштың сыртқы шығарылу және алаңға орнатылу барысын қадағалаған Қазғарыштың Байқоңыр департаментінің директоры Ғалымжан Данбаев, барлық дайындық жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, ал кеме 16 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 05.16-да ұшырылатынын мәлім етті.
«Байқоңырға» кеше келген «Хабар» агенттігінің түсіру тобы қазақстандық екінші байланыс серігінің ұшу дайындығының барысы туралы материал дайындап жатыр.