«Қазір «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станция KazSat-2 резервтік жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.
Бұған дейін KazSat-3 жер серігіндегі төтенше жағдайға байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсінік берген болатын.