«Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс жасауда. Жер серігінің қазіргі атқарып отырған жүктемесі 69 пайызды құрайды. Жалпы ғарыш аппараты Қазақстандағы 12 спутниктік байланыс операторларына спутниктік қамтымдылық қызметін ұсыну бойынша қызметтер көрсетіп келеді», - деді М.Молдабеков.
Оның айтуынша, қазіргі күні Қазақстандағы және бір «ҚазСат-3» жер серігі өзінің ұшыру-ғарыштық сынау жұмыстарын аяқтауға жақын. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуірінде жіберілген «ҚазСат-3» «ҚазСат-2»-ні толықтыратын болады.