«Kazsat-2» жобасына қыруар қаржы қажет ? Т.Мұсабаев
19:22, 21 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Қазақстанның екінші байланыс және хабар тарататын ғарышсерігін құрастыру жұмысында шетелдік құрал-жабдықтар қолданылады. Сондықтан «Kazsat-2» жобасына қыруар қаржы қажет. Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісі барысында агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев осындай мәлімдеме жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталған жобаны іске асыру барысында «Kazsat-1»-ді құру кезіндегі барлық қателіктерді ескеру көзделген. «Бүгінде мамандар «Kazsat-2» ғарышсерігіндегі ресейлік басқару құралдарын шетелдік жабдықтарға айырбастады. Енді, алдағы уақытта негізгі жүйені айырбастау жоспарланып отыр. Бірақ Ресейдің Хруничев атындағы зауыт өз жабдықтарын француздық құрал-саймандарға айырбастау үшін бізбен жасасқан келісім-шартты қосымша екі жылға ұзартып, осы құжат бойынша қарастырылған қаржыны бірнеше есеге көбейтуді талап етіп отыр. Сондықтан бізге осы мәселе бойынша Үкіметтің арнайы шешімі қажет», - деді Т.Мұсабаев.