Ғарыш саласының 2-ші қадамы ҚазСат-3 ғарыш аппаратын жасау екендігіне тоқталған ол: «Бұл ғарыш аппаратын жасау жұмыстары аяқталып қалды. Осы жылдың соңына дейін құрастыру, сынақтан өткізу жүргізіледі. Ал келесі жылдың 1 тоқсанының соңына қарай ғарышқа ұшырылады», - деді ол.
14:22, 03 Желтоқсан 2013
ҚазСат-3 байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі 2014 жылдың 1 тоқсанында ұшырылады - М.Молдабеков
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚазСат-3 байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі 2014 жылдың 1 тоқсанында ұшырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.