Мекеменің мәліметіне сәйкес, Есентай өзенінің арнасын тұрақтандыру үшін жағалаудың су шайып, бүлінген учаскелеріне бетон төсемі тартылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«6 сәуір күні «Қазселденқорғау» ММ мамандары нысанды тексеріп, әл-Фараби даңғылынан төмен 1 барражда каскадтың тік диафрагмасында қалыңдығы шамамен 2-3 см жарықшақтың пайда болғанын анықтады. Соның салдарынан техникалық жолдың топырағы жарықшаққа ағып кетіп, эрозияға ұшыраған. Барлық тиісті жұмыстар толық көлемде жүргізілді», - делінеді Қазселденқорғаудың хабарламасында .
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Есентай өзені арнасының жай-күйіне алаңдаушылық білдірген болатын.