«KAZsport» боксшы Жанат Жақияновтың кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қарашада Монте-Карлода қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) пен WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 кг дейін) уақытша (Interim) әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоның (17-1-1, 8 КО) жекпе-жегі өтеді.

«KAZsport» телеарнасы кездесуді 7 қарашада Астана уақытымен сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді, деп жазды Sports.kz.

«Әлемдік титулға қол жеткізген әр боксшы мықты. Парехомен күш сынасу оңай болмайды деп ойлаймын. Алайда мен ол үшін осал болмайтыныма да сенімдімін. Соңғы 12 қарсыласымды нокаутқа жібердім, 7 қарашада бұл көрсеткішті 13-ке жеткіземін. Парехо, 12 кезеңде де күш сынасып, титулын сақтап қалады деп ойлайтын шығар. Алайда менің соққым тигенде ол не болғанын түсінбей қалар», - деген Жанаттың сөзін Boxingscene келтірді.