«KAZsport» телеарнасында - чемпиондық үшін шайқас

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қараша күні Қазақстан премьер-лигасының 32-туры аясында, алматылық 'Қайрат' пен шымкенттік 'Ордабасы' футбол клубтары шешуші кезеңде бақ сынасады.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекті рет "KAZsport" телеарнасы өз телекөрермендерін футболдың тікелей трансляциясымен қуантады.

Екі команданың да алға қойған мақсаттары өте жоғары. Футбол жанкүйерлерінің қызықты әрі ұмытылмас көңіл-күйге толы ойынды тамашалауға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы чемпиондық шайқаста «Астана» футбол клубынан бір ұпай артта келеді. Премьер-Лиганың 31-ші кезеңінен кейін 42 ұпай жинаған «Қайрат» екінші орында болса, «Ордабасы» турнир кестесінің 4 қатарын иеленген.

Бұл командалардың тағдырын финалдық матч шешетін болады. Аталған тартыста астаналық футбол клубы өз мүмкіндігін жіберіп алса да, Қазақстан чемпионы атағын иеленуге ешкім кедергі бола алмайды. Сонда да, «Қайратқа» міңдетті түрде жеңіс керек! Қалай болса да, шешуші кезеңнің қорытынды матчы жанкүйерлерге қызықты ойын сыйламақ.

Осы жексенбіде "KAZsport" телеарнасын 14.50-де қосып, ойынды тамашалайық!