«ҚазСуШар» Павлодар облысының суармалы алқаптарына 3,75 млн текше метр су берді
10:34, 13 Шілде 2024
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны еліміздің шаруаларына 3,9 млрд текше метр бөлген. Оның 3,7 млн текше метрі Ертіс-Баян өңірінің үлесіне тиіп отыр.
Судың ең көп бөлігі Қызылорда облысы дихандарына бұйырды. Мұнда «Қазсушар» филиалы 1,8 млрд текше метр суды суармалы алқаптарға бұрған.
Ал Қ.Сәтбаев атындағы каналдан шаруаларға 224 млн текше метр су жіберілген. Оның ішінде Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы саласына 3,75 млн текше метр су берілді.
Еліміз бойынша «Қазсушар» филиалынан суды ең аз тұтынатын Атырау облысы болып шықты. Өңір 0,47 млн текше метр су алып отыр.
Еске сала кетейік, «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға өсті