«ҚазТАГ» ХАА жаңалықтары мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 5 мың теңгеге сатылып отырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейітқазы мен Әсет Матаевтар ісіне қатысты сот талқылауы жалғасуда.

Олар мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жүргізуге тендерлерді заңсыз алып келген. Шарт талаптарына сәйкес, Матаев басшылық ететін «ҚазТАГ» агенттігі күн сайын ашық қолжетімділікте жаңалық материалдарын жариялап отыруы тиіс болды, алайды бұл талапты орындамаған.

«Жарияланымдардың деніне қолжетімділік шектелген, оларды ақылы жазылушылар ғана көре алады. Оларды  қарау үшін бір жарияланымға 5 мың теңге төлеу қажет болған. Жазылушылар саны 200-ден аспайтыны да анықталды», - деп мәлімдеді маман Марғұлан Дүзелдіков.

Сондай-ақ маман ҚазТАГ-тың Орталық Азиядағы серіктестері болып табылатын ақпараттық ресурстар бір серверде орналасқанын, ал материалдарды редакциялауға мүмкіндік Әсет Матаевта ғана болғанын алға тартты.

«ҚазТАГ-тың ресурсын егжей-тегжейлі қараған кезде КирТАГ, АфТАГ, УзТАГ және ТаджикТАГ агенттіктері  бір сервер мен платформада орналастырылғаны анықталды.  Әкімшілер мен редакторлардың барлық ресурстарға кіруге рұсақттары болмаған. КирТАГ, АфТАГ, УзТАГ және ТаджикТАГ агенттіктері жарияланымдарына Әсет Матевтың  ғана қолжетімділігі болған. Бұл олар әріптес емес екенін, барлығы Әсет Матеватың бақылауында болғанын білдіреді», деп түсіндірді Дүзелдіков.

Сарапшының айтуынша, техникалық ерекшелікке сәйкес шарттардың бірі  - фотомұрағаттың болуы.

«Қатты дискіні зерттеу барысында фотомұрағат табылмады. Орындалған жұмыстарды растау үшін ҚазТАГ тапсырыс берушілерге есеппен қоса электронды мұрағатты тапсырып отыруы тиіс болған. Осылайша, мұрағаттау жүргізілмеген», - деп сөзін түйіндеді ол.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2010-2015 жылдар аралығында Сейітқазы Матаев алдын ала сөз байласа отырып,  тұлғалар тобында ұлы - «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС бас директоры Әсет Матаевпен бірге алдау, сенімге қиянат ету жолымен аса ірі көлемде мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражатты жымқырған. Сома 169 млн. теңгені құрады.