ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай Қазталов ауданында жанар-жағар май бекеті мен қос бірдей тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кәсіпкер Жасұлан Байғонақовтың «Фара» жанар-жағар май бекеті тұтынушыларға барынша қолжетімді бағамен қызмет көрсететін болады. Аудан әкімі Рыспай Өтешев салтанатты рәсімде ең басты міндет халыққа сапалы қызмет көрсету екендігін атап көрсетті. Бұл күні аталмыш кәсіпкер аз қамтылған бір топ отбасына азық-түлік өнімдерін тегін беріп, бекетті салған құрылысшыларға сыйлық ұсынды.
Сонымен қатар мереке құрметіне Болат Мұсағалиев басқаратын «Казстрой» ЖШС екі тұрғын үй құрылысын мерзімінде аяқтады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).