деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үздіксіз жаңбыр мен қардың күрт еруі салдарынан наурыздың 23-інде Қызылорда -Павлодар автожолының 274-304 шақырымдарында және Қазталовка - Жәнібек -Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 57-93 шақырымында қызыл су жол үстін басып кетті. Мұнда көлік жүретін жолтабанның біраз тұсын лай-батпақ басып қалып, автөкөліктің қозғалысы қиындады»,- делінген Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Су деңгейін түсiруді жылдамдату мақсатында Қазталовка - Жәнібек - Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 93 шақырымында жолды басқа бағытқа бұруға тура келді. Қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қозғалысты ашу наурыздың 25-іне жоспарланған.