Республикалық ғарыш байланысы орталығының дерегі бойынша, аталған кезеңде көктемгі күн интерференциясы болуы мүмкін.
«Жаһандық ауқымда күн интерференциясы жылына екі рет жүреді. Көктемде интерференция алғашқыда жердегі солтүстік жартышардағы стансаларына әсер етсе, кейін оңтүстік жартышарға ауысады. Күзде барлығы кері бағытта жүріп өтеді», - делінген хабарламада.