Қазтелерадио жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады

Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазтелерадио ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

Компания мәліметінше, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

- Профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсету кезінде уақытша үзілістер болуы мүмкін, - делінген ақпаратта.

«Қазтелерадио» АҚ туындауы ықтимал уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, көрермендер мен пайдаланушылардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Бейжіңдегі қазақ радиосы хабар таратқанына 54 жыл толды.