ҚАЗТЕСТ алғаш рет толықтай электронды форматта өтіп жатыр

Фото: Фото: СҚУ

АСТАНА. KAZINFORM — 23 қазанда Астана қаласында ҚАЗТЕСТ электронды сертификаттық тестілеуі басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚАЗТЕСТ – электронды тестілеуі азаматтар үшін ыңғайлы және заманауи құрал. Ол ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді және жаңа форматтың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады.

App.testcenter.kz сайты арқылы өтініш берген азаматтар үшін тестілеу туралы барлық ақпарат (күні, уақыты және мекенжайы) жеке кабинетте қолжетімді. Астана тұрғындары үшін тестілеу нәтижелері жеке кабинетте 3 күн ішінде, ал басқа өңірлерде 15 күн ішінде қолжетімді болады. 2025 жылдан бастап электронды форматтағы тестілеу Қазақстанның басқа қалалары мен облыс орталықтарына кезең-кезеңмен енгізіледі.

2024 жылдың соңына дейін өңірлерде сертификаттық тестілеуі қағаз форматта жалғасады. Өңірлерде тестілеуге өтініш беру www.kazakhtest.kz сайты арқылы қолжетімді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел тарихында алғаш рет екі педагог «Қазақстанның еңбек ері» атағын алғанын жазған болатынбыз.