Тесті тапсырып болғаннан кейін көрсетілген сайтта келесі қадамдарды орындау арқылы сертификатыңызды жүктей аласыз:
- тест түрін таңдау;
- тапсырған жылды көрсету;
- ЖСН және ТЖК енгізу.
ҚАЗТЕСТ электронды сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі.
Мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады.