«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының жеке қаражатының есебінен бөлінетін күрделі салымдарының көлемі 3 млрд. 926,7 млн. теңгені құрайды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының жеке қаражатының есебінен бөлінетін күрделі салымдарының көлемі 3 млрд. 926,7 млн. теңгені құрайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылы «ҚазТрансГаз» компаниясы Қазақстанның магистралдық газ құбырлары бойынша 94 млрд. текше метрге дейінгі газды тасымалдауды жоспарлауда. Оның ішінде халықаралық транзит 71 млрд. текше метр газды, экспорт 15 млрд. теңше метр газды құрайтын болады. Ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз» компаниясының жеке қаражаттарының есебінен бөлінетін күрделі салымдарының көлемі 3 млрд. 926,7 млн. теңгені, «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ бойынша 16 млрд. 549,6 млн. теңгені құрайды», делінген «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс және жиынтық үйлестіру жұмысы жөніндегі департаментінің таратқан баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазТрансГаз» компаниясы газды Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарының және Алматы қаласының тұтынушыларына жеткізеді.