«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 28 қазандағы №48/14 шешіміне сәйкес, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директоры) Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлының өкілеттілігі уақытынан бұрын тоқтатылды, деп хабарланды ktga.kz ресми сайтында.

Осы шешімге сәйкес, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директоры) қызметіне Серді Ибулла Жұмағұлұлы тағайындалды.

Бұған дейін Серді И.Ж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары лауазымын атқарды. Серді сында 2003 жылдан бастап қызмет етеді. Ол М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, инженер-экономист (1999 ж), сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003-2005 жж. «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы, 2006 жылдан бастап, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ сатып алу мониторингі мен бақылау бөлімінің бастығы болған. Кейінгі жылдары бизнес-құрылымдарда лауазымдық қызметтерде жұмыс істеген. 2009 жылдан бастап, «КазТрансГазАймақ» АҚ-да жұмыс істейді. Осы жылдың қазан айынан бастап, Маңғыстау өндірістік филиалының директоры. 2011 жылдың қыркүйек айынан келісімшарт және баға мониторингі департаментінің директоры, кейіннен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры лауызымын атқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, Бас директордың орынбасары.