Өсім 40 пайызды құрап отыр. Биыл газ тасымалы 3 млрд. 92 млн. текше метрді құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда (2 млрд 748 млн. текше метр газ) 12 пайызға артық. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусымдағы мәлімет бойынша акционерлік қоғамның активтері - 85 млрд 366 млн теңгені құрады. Бұл жыл басында 67 млрд. 243 млн. теңге көлемінде болған еді. Ол 6 айда 1,3 есе өсіп отыр.
Жалпы соңғы 10 жылда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы газ сатылымын 900 млн. текше метрден 10 млрд. текше метрге дейін, 10 есеге арттырды. Компания биыл 2011 жылға қарағанда газ сатуды 30 пайызға ұлғайтып, оны 10 млрд. текше метрден асырмақ. Өткен 10 жылдың ішінде компания абоненттерінің саны 112 мыңнан 740 мың немсе 6,6 есеге өсті. Компанияның пайдалануындағы газ тарату құбырларының жалпы ұзындығы да бұл кезеңде 2 есеге көбейіп, бүгінгі күні 19 000 шақырымнан асып отыр. Соңғы 4 жылда газ тарату желілеріне күрделі қаржы салымы 4,5 есеге артып, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 7 млрд 995 млн. теңгені құрады.