Атырау облысының прокуратурасы газ тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметіне талдау жүргізген.
«Филиал «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабының талаптарын бұзған. Тұтынушылардан газға қосу қызметі үшін заңсыз төлемдерді талап етіп, 2018-2019 жылдары 65 млн теңгені кірістеген. Осы заң бұзушылықтар үшін филиал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 164-бабы 4-бөлігіне сәйкес (табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 4 млн теңге айыппұл өндірілді. Прокуратураның араласуымен облыс тұрғандарына газға қосу қызметтері тегін жүргізілетін болды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актісі негізінде 21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шоттарына кері қайтарылған. Ал, жеке тұлғаларға 44 млн теңге қайтарылуда.