Комитет «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылуына тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның өзінің үстемдік жағдайын теріс пайдаланғандығы анықталды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» газ тауарлары тұтынушыларына түзету коэффициенттерін негізсіз есептеген. Бұдан өзге компания тұтынушылармен әртүрлі келісімдерге негізсіз және объективті себептерсіз түрлі шарттар қолданған», - делінген хабарламада.
Монополияға қарсы органмен газ компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалып, ҚР кәсіпкерлік кодексінің ережелерін бұзушылықты тоқтату және оның салдарын жою туралы бұйрық шығарылды.
Бес айға созылған сот тексерулері нәтижесінде аталған деректер бойынша Астана соттарының қаулысымен кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ, бұйрық өз күшінде қалды.
Кәсіпорынға жүктелген айыппұл құны шамамен 13,4 млн теңгені құрап, қазіргі уақытта бюджетке толық көлемде қайтарылды. Компания мәліметінше, 2 млн тұтынушыға 268 млн теңге қайтарылатын болады. Бұйрыққа сәйкес, «ҚазТрансГаз Аймақ» кәсіпорыны ақшалай қаражатты 2017 жылдың 18 желтоқсанына дейін қайтаруға тиіс.