Бұл жайында бүгін Астанада өткен «ҚазТрансГаз» АҚ 10 жыл ішіндегі қызметінің қорытындылары және келешектегі жоспарлары» атты баспасөз мәслихаты барысында таратылған баспасөз баянында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазТрансГаз» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің мәліметінше, былтыр еліміздің газ тасымалдау жүйесіне салынған капиталдық салымдардың жалпы көлемі 250 млрд. теңгеге жетті. «2009 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының жалпы пайдасы 200 млрд. теңгеден асты. Бұл компания құрылған 2000 жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Компания рентабельділігінің көрсеткіші 17 пайыз болды. Бұл үздік мұнай-газ компанияларының деңгейіне сәйкес келеді», делінген таратылған хабарламада.