«ҚазТрансГаз» компаниясы Астанада жекпе-жектер кешенінің құрылысын бастайды

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл наурыз айында Астанадағы жекпе-жектер кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы кешегі спартакиада аясында журналистерге сұхбат берген «ҚазТрансГаз» компаниясының бас директоры Серік Сұлтанғали мәлім етті.

Оның хабаралуынша, спорт кешенінің жобасын «Hyundai» компаниясы әзірлеп шықты. «Бүгінде бұл компания осы іспеті нысандарды жобалау және салу жағынан әлемдік брендке айналды. Біздіңше, жаңа спорт кешені Астана сәулетінің тағы бір туындысы болады», - дейді С.Сұлтанғали. Нысан құрылысын келесі жылы аяқтау жоспарланған. Кешен 5 мың адамға есептелген. Оның ішінде бокс, күрес, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика сияқты спорт түрлері бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ бұл жерде қонақ үй, бассейн, SPA мен фитнес орталығы бар спорттық-сауықтыру бөлімі болады.