«Бүгінгі таңда «Қазтрансойл» қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тартымды болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 63 млрд. теңге таза табыс алдық. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 90 пайызға артық», - деді Қ.Қабылдин.
Бұл ретте оның сөзіне қарағанда, компания халықтық ІРО-ға шығар алдында жария еткен инвестициялық меморандумында алынған табыстың кемінде 40 пайызын дивидентке және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын акционерлерге төлеуге кепілдік берген.
«2013-2014 жылдары ішінде акционерлердің пайдасына төленген дивиденттердің сомасы 70 млрд. теңгеге жуықтайды», - деді ол.