Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжден келген техникалық саланың болашақ мамандарымен кездесуде ДимашДосанов технологиялық цех және қызмет көрсететін өндіріс базасын аралап,жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
«Мен Сіздермен яғни болашақ кәсіби мамандарменкездескеніме өте қуаныштымын», - деп атап өтті Димаш Досанов.
«Мұнай құбыры бойынша тасымал бүгінгі күні мұнайгаз саласындағы ең заманауи қондырғылармен жабдықталған, автоматтандырылғанжоғары технологиялық сектор болып табылады. Сондықтан біз үшін кәсібибіліктілігі жоғары мамандар аса қажет. Қазіргі таңда компанияның 10 аймағында орналасқанбарлық нысанында 200-ден астам студент өндірістік тәжірибиеден өтіп жатыр. 45студент өндірістік тәжірибиесін аяқтап, шәкіртақыларын алды. Өндірістік тәжірибие бойынша үздік нәтиже көрсеткенстуденттер, компаниядағы бос орындарға жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Осыорайда, біз бос орындар резервін дайындайтын боламыз»,-деді Бас директор.
Оның айтуынша, мұнай тасымалы саласынаинженерлік-техникалық мамандарды даярлау жобасын «ҚазТрансОйл» АҚ Білім жәнеғылым министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырып, осы жылдың сәуір айында-ақіске асыра бастады. Жоба 5 жылғаесептеліп, ол бойынша жылына 400 ден астам студентті қамту көзделді.Студенттерге арналған шәкіртақы жоғарғы оқу орындары студенттері үшін100 000 – 120 000 теңге аралығы, колледж студенттері үшін 70 000- 80 000 теңге арылығы, шәкіртақы көлемі студенттің қай аймақта өндірістіктәжірибиесін өтіп жатқанына байланысты болады.
«МенҚарағандыдағы жоғары политехникалық колледжде 3-курста оқимын. Болашақмамандығым – автомеханик. Міне, екі аптадан бері ҚазТрансОйлдың арнайы техникабойынша цехында өндірістік тәжірибиеден өтіп жатырмын. Көп нәрсені түйіп алдым,кітаптағы оқығанымның өндірісте қалай іске асатынын өз көзіммен көрдім. Маған әсіресе, мұндатехникалық қауіпсіздікті ұстану қатаң сақталатыны көңілімнен шықты. Меніңотбасым көпбалалы. Үйдегі балалардың ішіндегі үлкені өзім. Тәжірибие барысындаөзімді жақсы қыранан танытып, өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болсамдеймін», - дейді студент практикант Нұрлан Әбетов.