«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесін Д.Берлібаев басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ы 29 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын (АКЖ») өткізді, онда «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды», делінген хабарламада.

АКЖЖ шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары - Данияр Әмірбайұлы Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің директоры - Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) - Нұртас Нұрибекұлы Шманов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар - Луис Коимбра, Серік Достанұлы Пірімбетов және Фернандо Мачинена сайланды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Д.Берлібаев сайланды.