«ҚазТрансОйл» АҚ өткен жылы мұнай тасымалдау көлемін 3 пайызға арттырды
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2010 жылғы қаңтар - желтоқсанда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 52 млн. 505 мың тонна болды. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 621 мың тонна немесе 3 пайызға артты», - делінген баспасөз хабарламасында.
«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2010 жылғы он екі айда 34 млрд. 223 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 710 млн. тонна км-ге немесе 2 пайызға артты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі биылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 10 млн. 092 мың тонна мұнай деңгейіне жеткен. Бұл 2009 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 2 млн. 394 мың тонна немесе 31 пайызға артық.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2010 жылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 5 млн. 625 мың тоннаны құрады. Бұл да 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 267 мың тоннаға немесе 5 пайызға көп.
Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі де арта түскен. Атап айтқанда, 2010 жылдың 12 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 12 млн. 702 мың тоннаны құраған. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1 млн. 565 мың тоннаға немесе 14 пайызға артық.