ҚазТрансОйл акционерлерге 46,4 млрд теңге дивиденд төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 30 маусымда акционерлерге 2014 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеп болды.

«2015 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша АҚ 2014 жылғы жай акциялар бойынша 46 429 363 155 теңге көлемінде дивиденд төледі», - деп хабарлады компания баспасөз қызметінен.