Бұл туралы ҚТО-ның инвесторлармен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Алмаз Масалин бейсенбі, 16 мамыр күні Алматыда өткен халықаралық PR-форум аясындағы «Халықтық IPO» бойынша секцияда айтты, деп хабарлайды Халықтық IPO-ның ресми сайты.
«Біз, сөз жоқ, ҚТО акциялары KASE-те сатып алынғанын қалаймыз. Алайда, бірқатар шетелдік инвестициялық қорлар мен банктер ҚТО акцияларына GDR-ді шығару туралы бастама көтеруде. Бұл шетелдік компанияларға компанияның бағалы қағаздарын сатып алуға мүмкіндік береді», - деді А.Масалин.
Ал «ҚазТрансОйл» компаниясының өзіне GDR-ді шығару инвесторлар базасын кеңейтуге, шетелдік нарықтарға қолжетімділікті оңайлатуға, акцияларының өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оның бағалы қағаздары KASE тізіміне 2012 жылдың 5 қарашасында енгізілген болатын. Олар бойынша сауда 25 желтоқсанда басталды. Ал ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап ҚТО акциялары KASE индексінің өкілетті тізімінде тұр.