«КазТрансОйл» Қазақстанның ішкі нарығына мұнай айдау тарифін өзгертеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 1 шілдеден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстанның ішкі нарығына мұнайды айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 2021-2025 жылдарға арналған тарифі 1 тоннаға 4 851,87 теңгені құрайды 1000 км (ҚҚС жоқ).

Фото: Unsplash

Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 1000 км (ҚҚС-сыз) тоннасына 4 849,39 теңге мөлшерінде тариф қолданылады.