«ҚазТрансОйл» компаниясы жалпы таза пайдасының 40 пайыздан кем болмайтын үлесін дивиденд ретінде төлейтін болады - Ө. Шөкеев
19:51, 06 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» компаниясы жаңа саясатына сәйкес, жалпы таза пайдасының 40 пайыздан кем емес мөлшерін дивиденд ретінде төлейтін болады.
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев Үкіметте болған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша, компания бұған дейін де дивидендтерді тұрақты түрде төлеп келді. Мәселен 2009 жылы 7 млрд. 340 млн. теңге, 2010 жылы 330 млн. тенге, ал өткен жылы 60 млрд. теңге төленген.