Әлеуметтік желіде 29 қарашада Өскемендегі «Казцинк» зауытында апат болғаны туралы ақпарат тарап кетті. Осыған байланысты ШҚО экология департаментінің мамандары бірден сол кәсіпорынға барған.
«Кәсіпорын аумағын тексеру кезінде төтенше жағдайлар немесе оқыс оқиға белгілері анықталған жоқ. «Қазцинк» ЖШС өкілдері тарап жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және компанияның беделін түсіру әрекеті екенін мәлімдеді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын Өскемендегі зауытта апат болғаны жайлы жалған ақпарат тараған.
Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады.