Компания мәліметіне сүйенсек, қаза болған екі қызметкерінің отбасына олардың он жылдық жалақысы көлемінде өтемақы төленеді.
- Олжас Рамазанов пен Ержан Қамалиевті жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды кәсіпорын толықтай өз мойнына алады, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар «Казцинк» марқұмдардың отбасыларына ұзақ мерзімді қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
- Кәсіпорын қаза болған қызметкерлерінің балаларының жоғары оқу орындарында білім алу ақысын төлеп береді. Ем қабылдап жатқан жұмысшыларға да арнайы көмек қарастырылған.
Олар қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Емделіп шыққанға дейін олардың жалақысы толық көлемде сақталады, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылыстан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шеккені хабарланған.