Конкурс шарты бойынша кез келген үміткер өзінің Наурызды қалай тойлағанын бейнетаспаға жазып алып, бірнеше эпизодты біріктіріп, әдемі материал дайындап, сайт мекенжайына жіберуі тиіс.
Конкурс талаптары:
Kaztube.kz сайтына тіркеліңіз.
- Еркін жанрда ерекше бейне түсіріп, kaztube.kz сайтындағы «конкурс «Наурыз» санатына бейнені жүктеңіз.
- Бейнематериалдар 30 наурызға дейін қабылданады.
- Жеңімпаздар видеоның танымалдылығына байланысты анықталады.
Үздік деп танылған төрт бейнеролик иесінің тіл үйрену мектебіне жолдама жеңіп алатын мүмкіндігі бар.