ҚазҰАУ-де бірінші курстағыларды студент қатарына қабылдау рәсімі өтті

АЛМАТЫ. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше ҚазҰАУ-дің бірінші курс студенттерін салтанатты түрде «Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті алдағы жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. Биыл аталмыш оқу орнына 1200-ге жуық талапкер қабылданды.

Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы барысында салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты спорттық сайыстар, Жамбыл атындағы филармонияда эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Отан сүйгіштік және интеллектуалды ұлт» атты кеш өтті.